2005 жылдан бастап компания жұмысының стратегиялық бағыттарының бірі болып байланыс операторлар бизнесін қолдауға арналған шешімдерді жасау және бейімдеу саналады, оның ішінде:
Шынайы уақытта ұялы байланыс абоненттерінен төлемдерді қабылдау жүйесі – «Beepay XP»
2007 жылдың мамыр айында супермаркет кассалары, терминалдар және тағы басқа арқылы ұялы байланыс үшін төлемді қабылдайтын агенттерді жаңа жүйеге аудару басталды. 2007 жылдың қыркүйек айының ортасында аудару толығымен аяқталды. 2008 жылдың қаңтар айында барлық төлемдер «ВымпелКом» компаниясына «Beepay ХР» жаңа төлем жүйесімен келіп түседі. Жоғары өнімділікпен қамтамасыз ету үшін «Beepay ХР» жүйесі Kabira Transaction Platform мамандандырылған платформада жасалған – жүйе күніне 6 млн астам транзакциялар өңдей алады. Бұл платформаны Ресейдегі алғаш қолдану. Дүние жүзі бойынша оның негізінде Bank of America, Alcatel, Vodafone, France Telecom, Visa сияқты танымал компаниялардың қосымшалары сәтті жұмыс атқарып жатыр.
Жүйе жаңа қызметтерді қамтамасыз ету үшін функционалды модульдерді жасауға мүмкіндік береді.