Компания 10 жылдан астам уақыт бойы корпоративті деңгейдегі мамандандырылған бағдарламалық шешімдерді құрумен айналысады. Осы уақытта компанияның бағдарламалық шешімдер орталығында 100-ден аса қызметкерлер қызмет етуде: аналитиктер, бағдарлама жасаушылар, жобалар менеджерлері, сынақшылар, техникалық жазушылар. Орталықтың Нижний Новгород қаласында бөлімшесі бар.
Орталық мамандары жобаға дейінгі зерттеуден жүйені ашуға, пайдаланушыларды оқыту және жолдауға дейінгі жұмыстың барлық кешенін орындайды. Сонымен қатар, жобалық шешімдер жиі тапсырыс берушінің ақпараттық ортасы бар жасалған жүйенің интеграциясын қамтиды.
Жасауды басқару технологиясы біз үшін бірінші санаттағы рөл атқарады, өйткені ол жасау мерзімдерін қатаң бақылауға және жасалатын жүйенің сапасын кепілдеуге мүмкіндік береді. Біз Rational Unified Process (RUP) технологиясының бейімделген нұсқасын қолданамыз. Жұмыс процедуралары жасаудың әр сатысында толығымен баяндалған және нұсқаларды бақылау жүйесімен жасау әдістерін, ақаудың өмірлік циклінен, жобалық шешімдер ревизия процедураларынан, талаптар өзгерістерінен, кодтар ревизиясынан, БЖ түзетуді шығару және т.б. қамтиды. Осы процедураларды кезекпен қолдану жасау мерзімдерін шынымен де бақылауға және өнім сапасын бақылауға септігін тигізеді. Есеп берудің реттелген процедурасы шығындардың жоспардан ауытқуларын процедураларды және шығындарды бағалау әдістемесін үнемі түзей отырып, тақырыптық талдауға мүмкіндік береді.
Қолданылатын процедуралар релиз-менеджер, аналитик, сәулетші, сынақ-менеджер, сондай ақ бағдарлама жасаушылар, сынақшылар мен техникалық жазушылардан тұратын жобалық топтың рөлдік құрамын көндіреді.
Әр түрлі өндірістік рөлдерді айқын ерекшелеу және жобалық топта функционалды міндеттерді анықтау оның потенциалын қысқа мерзімдерде асыруға септігін тигізеді. Жобалық тәртіп жоба күйін дұрыс бағалау мүмкіндігімен қамтамасыз етеді, бұл бағдарламалық жасақты жасау жобаларына тән қауіп-қатерлерді тиімді басқаруға мүмкіндік береді.
Сәулет жағынан қарағанда, біз үш сатылы жүйені қолдаймыз:
Бағдарламалық жүйелерді сынағанда Орталық мамандары автоматтандырылған толассыз сынақтарды қолданады. Бұл өнімнің жаңа нұсқасын шығарғанда жаңа функцияларды таңдаулы сынақтаумен шектелмеуге мүмкіндік береді және толық регрессивті сынақ жасауға ықпал етеді. Мысалы, өнімдеріміздің бірін толық регрессивті сынау бірнеше сағатқа созылады және 1500-ден артық жеке сынақтардан тұрады.
Автоматтандырылған сынақтар оларды жүктеме сынақ сценарийлерін жасау барысында қолдануға болатындай етіп жасалған. Әрине, пайдаланушы интерфейстерін сынау барысында дәстүрлі қол әдістері де қолданылады.
Сонымен қатар күш құрылымдарына арналған мамандандырылған қолданбалы шешімдер, мысалы:
Құқық қорғау органдарының оқиға туралы хабарламаға тез әрекет етуді қамтамасыз етуге арналған мамандандырылған шешімді әзірлеу – «02 қызметінің оқиғалар карточкасы».
«Оқиғалар карточкасы» қолданбалы бағдарламалық жасағы (ОК ҚБЖ) Мәскеу полициясының кезекші бөлімін орын алған жағдайлар мен қылмыстар туралы тез арада хабарландыруды ұйымдастыру мақсатында жасалған. ОК ҚБЖ азаматтар қоңырауларын қабылдау «02» қызметін және территориалды бөлімшелер қызметін азаматтардан оқиғалар мен қылмыстар туралы хабарламаларды қабылдау және сондай ақ әр хабарламаға құқық қорғау органдарының тез әрекет етуі саласында автоматтандырады.
ОК ҚБЖ азаматтардан келіп түскен хабарламалар туралы ақпаратты орталықты жинау, сақтау және өңдеуді қамтамасыз етеді. Әр келіп түскен хабарлама жүйенің деректер қорында бекітіліп, осы хабарламаны өңдеуге жауапты ішкі істер орган тиісті бөлімшелеріне автоматты түрде жеткізіледі.
Оқиға туралы мәлімдемені өңдеудің барлық сатысында басқарма тарапынан кезекші бөлімдерінің қызметін бақылау мүмкіндігі қамтамасын етіледі. ІІМ бөлімшелер қызметтерінің сапасын бақылау оқиға туралы хабарламаға тез әрекет ету үрдістерінің ішкі мониторинг бағыныңқы жүйесімен қамтамасыз етіледі.
ОК ҚБЖ сонымен қатар, аналитикалық және статистикалық құжаттардың автоматты құырлу мүмкіндігін береді.
Жүйе 2002 жылдан бастап өнеркәсіптік қолданыста және 350 ден астам автоматтандырылған жұмыс орындарында ашылды. ОК ҚБЖ күніне 20000 хабарламаны өңдейді. Жүйені 800-ден астам қызметкерлер қолданады.
Төлқұжат-визалық қызметінің автоматтандырылған ақпарат жүйесін жасау және енгізу
Жүйе көші қон қызметінің жұмыскерлерінің жұмысын автоматтандырады. Ол қызметтің барлық бағытын, РФ азаматының төлқұжатын, шетелдік төлқұжатын рәсімдеу, азаматтығын рәсімдеу, шетел азаматтарын көші-қонға тіркеуді қоса алғанда қамтиды. Жүйе Мәскеуде жүрген мигранттар туралы ақпаратты, Ресей және шетелдік берілген және жоғалған төлқұжаттар, берілген азаматтық, рәсімделген шақырулар, уақытша тұруға рұқсат, қоныстану ықтияр хаты туралы ақпаратты тез арада жинап, өңдеуге мүмкіндік береді. Жүйеде шетел азаматтарының көші қон саласында жасаған әкімшілік заң бұзушылықтарын тіркеу, және де төлқұжат-виза құжаттарына дайындайтын заңды тұлғаларды тіркеу орындалады.
Автоматтандырылған жүйе Басқарма аппаратын, өңірлік бөлімдерді және ФКҚБ райондық бөлімшелерді біріктіреді. АИС орталық деңгейдің (Басқарма) бағдарламалық-аппаратты кешенінен, өңір деңгейінің 10 бағдарламалық-аппаратты кешенінен, райондық деңгейдегі 126 бағдарламалық-аппаратты кешенінен тұрады. Оn-line режимінде деректердің орталықтандырылған қорымен көші қон қызметінің 1500 қызметкері жұмыс жасайды.